blog Images

“Ар-Рахман” мешіті Құрбан айт тәттілерін үлестірді

Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын құрбан айт мейрамы қарсаңында  Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы Сейтимова Жансаяның ұйымдастыруымен  мектеп жасындағы оқып жатқан 50 қызға Құрбан айт сыйлығы берілді.Сондай-ақ, мейрамға кішігірім мешіт атынан дастархан жайылып түскі ас берілді.

Одан бөлек,”Жұма сыйлығы” атты кеште “Имани жаз-2024” сауат ащу курсында оқып жатқан  мектеп жасындағы ұл- қыз 100 шәкіртке көтеріңкі көңіл- күй сыйлау мақсатында  тегін балмұздақ таратылды.