blog Images

«Ар-Рахман» мешіті 50 отбасыға «Рамазан қоржынын» үлестірді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Жұма күнінде  «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.

Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Жанашыр жамағаттың қолдауымен өткен қайырымдылық шарасында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 50 отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдірді.