blog Images

“Ар-Рахман” мешіті 20 отбасыға қайырымдылық жасады

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Сауабы мол  игі шара барысында мешіт қызметкерлері  20 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға,көп  балалы отбасыларға қайырымдылық жасап, күнделікті тұтынуға қажетті   азық-түлік салынған қораптар үлестірді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.