blog Images

Ақтау-Шетпе тас жолының бойынан жаңа намазхана ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бағыттарының бірегейі ұлы жолдар бойынан намазхана ашу жоспарланған болатын.»Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  қасиетті Рамазан айында Ақтау-Шетпе ұлы  жолының бойынан Бекі ауылының маңында 3-ші жаңа намазхана халық игілігіне берілді.

Ақтау-Шетпе-Бейнеу-Атырау бағытына бет алған жолаушылар үшін жасалған зор мүмкіндік. Осы сауапты іске мұрындық болған барша жандарға, Көмек Жаңаөзен қайырымдылық қорының жетекшісі Ардақ Смағұл бауырымызға ерекше алғыс білдіреміз!

Айта кетейік,бұған дейін Жаңаөзен қаласының маңында және Қарақия қиясынан шыққан жерде намазхана орнатылған болатын.Алдағы уақытта да тағы бір намазхана орнату жыл соңына дейін жоспарлануда.