blog Images

Ақтау қалалық “Бекет ата” мешіті:Шәкірттерге сертификат берілді

Ақтау қалалық “Бекет ата” мешітінде Құран әліппесі және “Тәжуид” сабағын аяқтаған шәкірттерге сертификат берілді.

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында сауат ашу курсында 8 ай білім алған 23 шәкіртке Құран әліппесі мен тәжуид ережелерін меңгергені үшін  арнайы сыйлықтар мен  сертификаттар табысталды.