blog Images

Ақтау қалалық “Бекет ата” мешітінде білім сайысы өткізілді

Ақтау қалалық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен Қазиева Ақмарал ұстаздан тәлім алып жатқан 25 шәкірттің арасында “Сүйікті Пайғамбарым” кітабынан білім сайысы өткізілді.

Имандылық жолында дәріс алып жатқан шәкірттерге мешіт бас имамы Құрбанбек Лашкербекұлы жүрекжарды насихатын айтты.Маңғыстау облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі, облыстық Бекет ата мешітінің ұстазы Сарсенбаева Ұлдаулет Қоңыратбайқызы жиынға арнайы қатысып сайысқа төрелік етті.Сайыс  қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар беріліп,алғыс хатпен марапатталды.