Ақшұқыр ауылдық мешітінде “Уақып-тоқтаусыз сауап” атты жиын өтті
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітінде “Уақып-тоқтаусыз сауап” атты берекелі жиын өтті.
Жиынға 100-ге жуық адам қатысты.РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы берекелі жиынға жиналған көпшілікке “Уақып – тоқтаусыз сауап” тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Тақырып кеңінен түсіндіріліп, туындаған түрлі сұрақтарға тұщымды жауап берілді.
Жиын соңында берекелі болған Рамазанның соңғы он күнін мешітте құлшылықпен өткізуге байланысты пайдалы кеңестер айтылды.


