blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде Айт мерекесі ерекше атап өтілді

РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнес Асга елімізде болып жатқан су тасқынына байланысты Айт мерекесін тойлауды жөн көрмеді. Қиындыққа тап болып, үйін тастап келген судан зардап шеккен адамдарға кішкене болса да қайғыларын ұмыттырып, қуанту мақсатында дастархан жайылып сый құрмет көрсетілді.

Мешіт ұжымы және ауыл азаматтары болып ұйымдасып балаларға түрлі сыйлықтар, киімдер, әр түрлі тәттілер таратылып, түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылды.

Судан зардап шеккен халық өздерінің шексіз алғыстарын білдіріп мешіт имамдарынан және бүкіл қазақ елінің жанашырлығына дәл риза екенін білдірді.