blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешіті: Қариларға Кіші қажылыққа жолдама берілді

Рамазан — Құран айы! Құран түскен айда Құран оқудан артық құлшылық жоқ. Мешітімізде Құранды толық Хатым еткен және медреседе шәкірттерге ұстаздық етіп жүрген Таңатарұлы Берекет және Исенбекұлы Асадулла қариларға кіші қажылыққа жолдама берілді.

Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы мешіт қызметкеріне, мешіт ақсақалдарына және дін жанашыр азаматтарына ерекше алғыс білдіріп, сыйлықтармен марапаттады.