“Ана болудың діндегі орны” атты семинар өтті
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде “Ана болудың діндегі орны” атты семинар өтті.
Семинарды Маңғыстау облысының әйел -қыздар сектор жетекшісі Қоңыратбайқызы Ұлдаулет жүргізді. Ана болудың маңыздылығына, және де қазақ аналарының бала тәрбиесіндегі ұстанымдарына тоқталды. Семинар соңында көп балалы алты анаға сыйлықтар табысталды.



