blog Images

«Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешіті:Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Бейнеу ауылдық «Басшы Айжанақұлы Әзірханов» мешітінде «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  кездесу өткізілді.

Қасиетті Миғраж түніне сәйкес келген бұл кездесуге аудандық ішкі саясат, ауыл ақсақалдары, ардагерлер, зейнеткер ұстаздар, ақын-журналистер мен дін қызметкерлері қатысты. Жиналған жамағатқа мешіт имамы Ұзақбай Жанабаев «Дін мен дәстүр» туралы насихат айтты. Жергілікті салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа қатысты әркім өз ойларын ортаға салды.
Сонымен бірге «Ас беру мәдениеті» мен «Зират және зиярат әдебі» құжаттары мен «Қамқор-Шарапат» қызметтері де түсіндіріліп өтілді.