blog Images

«Әль-Хаким»мешіті:«Аталар мектебі – тәрбие негізі»атты жиын өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде «Аталар мектебі-тәрбие негізі»  атты алқалы  жиыны өтті.

Аталар мектебі жобасы аясында өткен жиынға мешіттің ақсақалдар алқасының мүшелері,ауыл ақсақалдары қатысты. Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
Шараның басты мақсаты қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеу.
Жиында жаңа бастамаға ақсақалдар қауымы қолдау білдіріп, Құран оқылып, дұға жасалды.