blog Images

«Әль-Хаким» мешіті:Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында   20 отбасыға  күнделікті ең қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.