“Әль-Хаким” мешіті:Тәуелсіздік күніне орай балаларға тәттілер таратылды
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушыларына мемлекеттік ту мен тәттілер таратылды.
Мешіт имамы Шындәлетұлы Дінмұхаммет жас буынға Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен ұрпаққа қалдыратын рухани мұра жайында өнегелі сөздер айтты.