“Әл-Хаким” мешітіне жаңа имам тағайындалды
ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық “Әл-Хаким” мешітіне бас имам қызметіне Байбозов Дінмұхаммед тағайындалды.
Бас мүфти бұйрығын “Миғраж” мешітінің наиб имамы Өмірбай Мақсатұлы оқып, құлшылық үйінің ұжымы мен жамағатына бас имамдық қызметке тағайындалған Байбозов Дінмұхаммедты таныстырды.
Сондай-ақ,Шындаулетұлы Дінмұхаммед осы уақытқа дейін Қызылтөбе ауылдық “Әл-Хаким” мешітінде наиб имам қызметін атқарған.

