blog Images

“Әл-Хаким” мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде жамамағатпен айлық отырыс ұйымдастырылды.

Жамағатпен өткен басқосуда мешіт имамы Шындаулетұлы Дінмұхаммед “Мешіт әдебі” тақырыбында тұщымды уағыз-насихат айтты.

Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.