blog Images

«Әль-Хаким» мешітінде 10 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде Ережеп айының құрметіне орай қайырымдылық шарасы өткізілді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында 10 отбасыға  күнделікті ең қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.