blog Images

Әйел-қыздар секторы:“Рамазан- рақым айы” атты семинар өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде әйел жамағатының қатысуымен “Рамазан — рақым айы” атты семинар ұйымдастырылды.

Мешіт шәкірттері қасиетті айдың алдында асыл дініміз туралы ой-танымдарын кеңейтіп, ұстаздардан уағыз тыңдады.Рамазан айының қарсаңында мұндай іс-шаралар мешітімізде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі шара барысында шәкірттердің ораза туралы, рамазан айындағы тыйымдар жайындағы сұрақтарына толыққанды жауап берілді,-деді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұстазы Ақмарал Қазиева.
Семинар барысында шәкірттерге де сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап беріп, өз ойларын ортаға салған шәкірттерге мешіт атынан сыйлықтар берілді.

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі