Әйел-қыздар секторы:Дін мен дәстүр сабақтастығы насихатталды
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Имани жаз” сауат ашу курсында оқып жатқан қыздарымызға дін мен дәстүр құндылықтары насихатталды.
Жиын соңында салт- дәстүрге байланысты сұрақ жауап ұйымдастырылып, жауап берген шәкірттерге сыйлықтар табысталды.



