blog Images

Әйел-қыздар секторы:Аналармен рухани кездесу өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы Бейнеу ауданынындағы аналармен кездесті .

Кездесу ге «Асыл аналар» әжелер мектебінің жетекшісі Ақзер апамыз, ұстаз Сейсембайқызы Ақмарал және Бейнеу ауданының «Инабат» қоғамдық бірлестігінің аналары қатысты. Рухани кездесуде Отбасын сақтап қалудың жолдары, Отбасындағы әйелдің міндеттері, Исламдағы бала тәрбиесі тақырыптары қозғалды. Еркін тақырыпта еркін форматта өткен бас қосу аналар үшін өте қызықты өтті. Кездесу соңында аналар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.