blog Images

Әйел қыздар секторы:Әжелер мектебінің кезекті шарасы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Ислам және дәстүр құндылығы” тақырыбында “Асыл аналар” әжелер мектебінің кезекті шарасы өтті.

Дөңгелек үстел барысында ақ жаулықты аналар жас шәкірттермен кездесті. Ұрпақтар сабақтастығын мақсат еткен мешіт жамағаты жас буынды қолөнер шеберлігімен таныстырды.
“Асыл аналар” әжелер мектебі мешітімізде түрлі шараларға белсенді араласады. Айтары көп, өнегесі зор аналар жас шәкірттерге өмір, дін тақырыбында ақыл-кеңес беріп, олардың сұрақтарына жауап берді,-дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұстазы Ақмарал Қазиева.
Шара соңында мешіт атынан балаларға сыйлықтар берілді.