blog Images

«Әйел-қыздар» секторы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Маңғыстау облыстық әйел-қыздар секторының ұстаздары мешіт жамағаттарымен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында теңіз жағалауының тазарту жұмыстарына ат салысты.

Маңғыстау облыстық орталық  «Бекет ата» мешітінің ұстазы Қоңыратбайқызы Ұлдаулет тұрғындарға Пайғамбарымыздың «Тазалық иманның жартысы» деген хадисін негізге алып, дініміз табиғатымызды аялауға, тазалықты сақтауға шақыратынын ескертіп, акцияға қатысқан жамағаттарға алғысын білдірді.