“Әйел – отбасының берекесі “атты семинар өтті
Маңғыстау облысының әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен орталық “Бекет ата” мешітінде ” Әйел – отбасының берекесі” тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Елімізге танымал қоғам қайраткері, тіл жанашыры, Отбасылық құндылықтарды насихаттаушы Оразкүл Асанғазықызы және де Маңғыстау облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы, ақ жаулықты аналарымыз бен қыз- келіншектер қатысты. Семинар алғы сөзін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастап берді. Семинар ды ары қарай Оразкүл Асанғазықызы өзінің ғибратқа толы әңгімесі мен жалғастырып, қыз-келіншектердің сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында Ұлдаулет Қоңыратбайқызы кешегі Зере, Ұлжан, Тоқмейіл аналарымыз дың даналығымен көрегенділігін насихаттап жүрген Оразкүл апайымызға өз ризашылығымен алығысын білдіріп, иығына шапан жапты.




