blog Images

«Әбіш қожа»мешітінде қайырымдылық шарасы өткізілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Игі шара барысында мешіт қызметкерлері  30 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға,көп  балалы отбасыларға қайырымдылық жасап, күнделікті тұтынуға қажетті   азық-түлік салынған қораптар үлестірді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.