blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:Жаңаөзен қаласының әкімі жамағатқа ауызашар берді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде Жаңаөзен қаласының әкімі Қайнарбаев Жансейіт Исаханұлы жамағатқа ауызашар берді.

Ауызашар ұйымдастырушылардың асыл дініміздің құрметіне орай, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін ұлықтап, Алла ризашылығы үшін көрсеткен жақсы ниеті, жылы қабағы, ақ пейілдеріне келушілер де қош көңілмен риза болып тарқасты.