blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:Студенттермен семинар өтті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Қалымбетов Рахымжан Жаңаөзен қаласы Политехникалық колледж студенттерімен “ «Есірткіге тәуілділіктің соңы қылмыс», «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар өтті.

Бүгінгі күні жалпы қоғамның негізгі мәселелерінің бірі — есірткі. Ықылым заманнан бері адамзат баласы осы індетпен күресіп келеді.Қазіргі таңда есірткіге қарсы күрес жүргізу үшін дүние жүзі мемлекеттері аянып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда.

«Есірткі жан азабы мен тән азабына, жамандыққа бастау болатындықтан Ислам оған тыйым салған.Құран Кәрімде: «Өздеріңді өлтірмеңдер, шынында Алла сендерге рахымды»-делінген. Ал, біз айтып отырған есірткі – адамның өз-өзін өлімге тігуінің құралы. Ал, шариғатта өз-өзін өлтіретіндердің үкімі нақ айтылған»- деп , имам өз насихатын айтып жастарды ондай теріс кылыктардан аулак болуын айтты.