blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұйымдастыруымен «Құран түскен құтты ай» атты мешіт шәкірттері арасында Құранды мәнерлеп оқудан және жатқа айтудан құран жарысы өтті.

Мешіттің шәкірттері арасында өткен бұл сайыста жас ерекшеліктері мен қабілет-қарымы әртүрлі әйел-қыздар қатысты. Талапты шәкірттердің арасынан жеңімпаз таңдау қазылар алқасына да оңайға соқпады. Дегенмен, бабы мен бағы қатар жанған жеңімпаздың есімі қазылар алқасының ортақ бағасы бойынша анықталып,  қаржылай сыйлықтар мен арнайы сеттификаттармен марапатталды.

Шәкірттердің қасиетті Құран кәрімді оқуға деген талпынысын арттыратын мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын тауып, бұдан да кең көлемде ұйымдастырылады деген сенімдеміз.