blog Images

«Әбіш қожа» мешітінде шәкірттер арасында хадис жаттау жарысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы  Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасысы тарапынан мешіттерде  Хадис ілімі дәрістерін тапсырған болатын.Осы орайда Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа»мешітінде әйел-қыздар секторының  ұйымдастыруымен жыл басынан бері Хадис ілімінен дәріс беріліп, нәтижесінде кыздар жамағаты арасында хадис жарысы ұйымдастырылды.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерін жаттау бойынша өткен жарыс әйелдерге арналған 30 хадис жайында өткізілді.Жарыста жүйрік шыққан жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.