«Әбіш қожа» мешітінде «Қош келдің, берекелі Рамазан» атты семинар өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде «Қош келдің, берекелі Рамазан» атты семинар өтті.
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында өткен семинарда «Қосай ата» мешітінің ұстазы Бежен Серікболат «Рамазан-рухани тазарту айы» тақырыбында және «Шаңырақ» мешітінің ұстазы Әжімұқан Нұрмаханұлы «Шариғат үкімдері» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты.Одан бөлек,дәрігер,кардиолог Аманбеков Ақжол Сейтжанұлы арнайы қатысып,Оразаның ағзаға пайдасы турасында баяндама жасады.
Семинар соңында жамағат сұрақтарына кезек беріліп, кешірім мен мол мүмкіндік айы Рамазан айы туралы кеңінен насихат айтылды.