blog Images

“Әбіш қожа” мешітінде “Қайырымды жұма” акциясы өтті

“Ислам және дәстүр құндылығы ” жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінің ұйымдастыруымен “Қайырымды жұма” акциясы өтті.

Қасиетті жұма күні жүзеге асқан іс-шара барысында 30 отбасыға азық-түлікпен қарайымдылық көмек көрсетілді.

Көмек алған жандар сауапты іске атсалысқан мешіт қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.