blog Images

«Әбіш қожа» мешітінде «Кітап клубы» бұрышы ашылды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа»мешітінің бас имамы Тулемаганбетов Қажымұканның мұрындық болуымен «Кітап клубы» бұрышы ашылды.

Негізгі мақсат – жастардың айына кемінде бір кітап оқуға деген ықыласын ояту, оларды жаман әдет-қылықтардан сақтандыру.Адамдардың кітапқа деген махаббатын ояту, және кітапқа көңіл бөлу мақсатында ашылған кітаптар бұрышында  қазіргі уақыттағы жаңа кітаптар легі койылды. Мешітке келген жамағат арнайы уақытын бөліп кітап окумен өткізуге жағдай жасалынған.