blog Images

«Әбіш қожа» мешітінде «Ислам және Дәстүр құндылығы» атты шара өтті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қасиетті Ережеп айында ұлтық дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Ислам және Дәстүр құндылығы» атты шара өтті.

Шараға қатысушы жамағатқа ұлттық нақыштағы киімдер киіп келу міндеттелді. Көркем киім үлгісіне карап жеңімпаздар таңдалды және мақтау грамотасымен арнайы  сыйлыктар табыс етілді. Сонымен қатар, жамағатқа Ислам діні және салт-дәстүр жайлы кең көлемді уағыз айтылды.Ұлттық нақышты дәріптеу  мақсатында ұйымдастырылған жиын жамағаттың көңілінен шығып және мұндай жиындар  алдағы уақытта жалғасын тапса екен деген ниеттерін білдірді.