blog Images

“Әбіш қожа” мешіті:”Мүлік” сүресін жатқа оқудан жарыс өтті

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен  мешіт жамағаттары арасында “Мүлік” сүресінен жарыс өтті.

Мүлік – отыз күнәні жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Хадисте ибн Масғуд Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Мүлк дүниенің азаптарына тосқауыл болады» дегенін жеткізді. Құранда 30 аяттық сүре бар. Ол сүренің қиямет күні араша түсуі адамды Тозақ отынан сақтап, Жәннатқа кіргізеді. Бұл – Мүлк сүресі.

Сайыс талабы сүрені тажуид ережесіне сай әрі мүдірмей айтып шығу болды.Төрелікке қаламыздың әйел -қыздар секторының жетекшісі  Қазақбаева Айнұр мен “Әбіш Қожа” мешітінің әйел -қыздар ұстазы Тасқынбаева Айнұр болды Сайысқа барлығы 11 үміткер қатысып,нәтижесінде :

Бас жүлде: Ермекқалиева Кәусар (“Шаңырақ”мешіті)
1- орын: Мырзабекова Әсел (“Әбіш қожа” мешіті)
2 -орын: Қиясова Камшат ( “Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы” мешіті)
3 -орын: Балабаева Камшат (“Әбіш Қожа” мешіті) иеленіп,барлық қатысушыларға жүлделі орындар мен сыйлықтар берілді.