blog Images

“Әбіш қожа” мешіті:”Бала тәрбиесі – бір өнер” атты семинар-тренинг өтті

“Ислам және дәстүр құндылығы ” жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінде лектор,
Оқушылар шығармашылық үйінің педагогы Ерлан Калиев әйел жамағатына “Бала тәрбиесі – бір өнер” атты тәрбиелік семинар-тренинг өткізді.

«Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер.Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп Мағжан Жұмабаев айтқан-бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі болмақ.