“Әбіш қожа” мешіті:”Әйел аманаты” атты семинар өткізілді
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Әйел аманаты” атты семинар өткізілді.
Семинарда отбасы босағасының берік, шаңырағының биік болуы, ондағы жанұя мүшелерінің тату-тәтті өмір сүруі – бір-бірлерінің алдындағы құқықтар мен міндеттерді орындауларына тікелей байланысты екендігін айтып,отбасы құндылықтарына тоқталып өтті.

