blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: «Рамазан айында бір тал ек» жобасына үн қосты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешіті ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай құлшылық үйінің ауласына ағаш отырғызды.

Шараға қала әкімі, қалалық мәслихатының депутаттары және Жаңаөзен қаласы орталық Әбішқожа мешітінің бас имамы қатысты.«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Дін мамандарының бірлесіп атқарған бұл шарасы көпке үлгі болары анық. Көктем келіп дала әсемдене түскенде оған өз үлесіңізді сіз де қосыңыз.