blog Images

«Әбіш қожа» мешіті :»Қайырымды жұма» шарасы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Әбіш қожа» мешітінде  Қасиетті жұма күніне орай арнайы қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шара аясында алдымен мешіт наиб имамы Жорақұлұлы Әбділмүтәліп «Алланың берген нығметіне шүкір ету және басқа түскен қайғыға сабыр етудің маңыздылығы» жайлы уағыз -насихат айтты.Қасиетті Жұма күнінде жасалған қайырымдылық шарада 25 мүмкіндігі шектеулі жандарға және отбасы жағдайы төмен отбасыларға кайырымдылық жасалып,азық-түліктер салынған қораптар үлестірілді.