“Әбіш қожа” мешіті: Мәуліт айының құрметіне орай интеллектуалдық сайыс өтті
Қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінде “Igrо Quiz” атты Пайғамбарымыз (с.а.с) өмір баяны бойынша әйел-қыздарға арналған интеллектуалдық сайыс өтті.
Жамағаттың діни сауатын арттырумен қатар білімдерін тексеру, шапшаң ойлай білуге дағдыландыруға бағытталған сайысқа мешіт шәкірттері мен мешіт жамағаты қатысты.Жеңімпаз қатысушыларға ақшалай сыйлықтар берілді.

