blog Images

1-қазан Қарттар күніне орай рухани жиын өтті

1 қазан – Қарттар күніне орай қариялармен бас қосқан рухани жиын өтті.
Рухани  басқосуға ауыл әкімі, ауылдың ақсақалдары мен ардақты әжелері қатысты.

Кездесу барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қариялардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау жөнінде тағылымды әңгіме өрбіді.

Жиында Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа» мешітінің имамы Айғабыл Шаденов үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу және ізгілік құндылықтары туралы  насихат айтты.

Қарияларымыз – елдің ақылшысы, кейінгі ұрпаққа жол көрсетер темірқазығы. «Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың асыл дәстүрі.

Кеш барысында ақсақалдар мен әжелерге құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Осындай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкенге деген құрметті арттыра түсетіні сөзсіз.