“Әбіш қожа” мешітінде 30 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінде қайырымдылық шарасы өткізіліп,30 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Қасиетті Миғраж түнінің құрметіне орай өткен ізгілікті шарада әлеуметтік аз қамтылған,көпбалалы 30 отбасыға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік салынған себеттер таратылды.
Мешіт наиб имамы Берік Өтеген көмек алған жандарға Қасиетті Ережеп айының қадір-қасиеті жайлы насихат айтып,Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық,отбасыларына береке тілеп, тыныштық тілеп, дұға жасады.

