blog Images

Марат Жарылқапұлы “Әль-Хаким” мешітінің жамағатымен жүздесті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы,ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Марат Жарылқапұлы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің жамағатымен кездесіп,уағыз айтты.

Білім алудың маңызы тақырыбында уағыз-насихат айтқан Марат ұстаз білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы екендігін айтып,оған қоса Алла Тағала ілім берілген мүміндердін дәрежелерін басқалардан жоғары ететіндігін түсіндіріп айтты.