blog Images

ЖАНТ мүшесі Шетпе мешітінде жұма уағызын жүргізді

 ЖАНТ мүшесі,Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің имамы Шындәулетұлы Дінмұхаммет Маңғыстау аудандық Шетпе мешітінде жұма уағызын жүргізді.

“Қоғамда мұсылманның рөлі мен жауапкершілігі” тақырыбында жұма уағызын айтқан мешіт имамы мұсылман адам Алла Тағаланың өзіне парыз еткен құлшылық-ғибадаттарды өтегеннен кейін қоғамға да пайда әкелетін ізгі істер атқаруы тиіс екендігін түсіндіріп өтті.

Алла Тағала баршамызды қоғамға пайдалы, ізгі істер атқаратын пенделерінің қатарынан етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!