“Оразмағанбет ахун” мешітінде жамағаттың айлық басқосуы өтті
Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық “Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы” мешітінде Ережеп айының құрметіне орай жамағатпен бас қосу өтті.
Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиында мешіт бас имамы Адаев Оразбай көпшілік жамағатқа “Muftiyat” баспасынан жарық көрген “Дін мен дәстүр”III кітабын таныстырды.Сондай-ақ,бауырмалдық,бірлік жайлы тұщымды уағыз-насихат айтты.

