blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінің шәкірті қари атанды

Ақшұқыр ауылдық мешітіне қарасты “Асар Ата” рухани білім беру орталығының алғашқы түлегі Омарханов Мухаммад Ахмедұлы Қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап,қари атанды

Қасиетті Жұма күнінде мешіт жамағатына таныстырылып, мешіт бас имамы тарапынан сертификатпен марапатталды.

Қуаныш кешкі асқа жалғасып облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы өз атынан Қариға шапан жауып, сертификат табыстады. Жиналған жамағатқа “Ұрпақ тәрбиесі” жайында өте пайдалы уағызымен бөлісті.

Айта кетейік,”Асар Ата” рухани білім беру орталығы осыдан екі жыл бұрын қолдануға берілген болатын. Қазіргі таңда орталықта 20-дан астам шәкірт білім алуда.