Ақшұқыр ауылдық мешітінде білім сайысы өткізілді
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Ақшұқыр» ауылдық мешітінде әйел жамағаты арасында білім сайысы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты мешіт жамағатының зияткерлік деңгейін арттыру және олардың ислам туралы білімін көтеру.Білім сайысы “Пайғамбарлар қиссасы” кітабы бойынша болып өтті. Жарысқа 20-дан астам әйел-қыздар қатысты. Білімнің жалғасы ақ дастархан басында пайдалы насихатпен жалғасып, ақжаулықты аналардың ізгі тілектерімен аяқталды.

