“Ар-Рахман” мешітінде Құран жарысы өтті
Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық « Ар-рахман» мешітінің ұйымдастыруымен Қасиетті Ережеп айында мешіт жамағаты арасында Құран жарысы өткізілді.
Сайыс 3 номинация бойынша: Құраннан бір пара жатқа айту,”Духа” сүресінен “Ән-Нас” сүресіне дейін ,Құранды мәнерлеп оқудан өткізілді.Жамағат арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында өткен сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған жандарға,ынталандыру мақсатында қатысушыларға да сыйлықтар берілді.





