blog Images

Әйел-қыздар секторы: “21 ғасырдағы әйел” атты рухани кездесу өтті

ҚМДБ Маңғыстау облысы өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде “21 ғасырдағы әйел” атты рухани кездесу өтті.
Кездесуге арнайы шақырылған қарым-қатынас бойынша коуч , психолог маманы Жұлдыз Омарханқызы “Әйел неге қиналады?”,
“Әйелдердің типтері және олардың қарым-қатынастағы рөлдері”,”Гормонияға толы қарым-қатынасқа қалай жетеміз?” тақырыптарында психологиялық кеңес берді. Өңіріміздің әйел- қыздар сектор жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы “Исламдағы әйел мәртебесі”, “Исламдағы әйелдің рөлі” тақырыптарында уағыз- насихат айтты.