«Жамағат барысы-2024″облыстық турнирі өтті
ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2024 жылдың бағдарлық баяндамасында ұсынылған «Ислам және дәстүр құндылығы» жылына орай
Дін мен дәстүр бағыты бөлімінің ұлттық спорт түрлерін насихаттау аясында ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі және Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен қазақ күресінен «ЖАМАҒАТ БАРЫСЫ» спорттық сайысы өтті.
Шара шымылдығын Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Кәдөш Қажымұқан Серікұлы және Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.»Халық арена» спорт кешенінде өткен додада балуандар 75 келіге дейін және +75 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынады.
Аталған сайыстың бас төрешісі қазақ күресінің ережелерін толық түсіндіріп өтті. Сонымен қатар сайысқа қатысушыларға Маңғыстау облысының тұрғыны болуы, кәсіби спорт шеберлері мен арнайы жаттықтырушылар санатынан болмауы керек деген шарттар қойылды. Сайыстың қорытындысы бойынша:
+ 75 кг салмақ:
І орын-Сарыбаев Берік иеленіп,»Жамағат барысы» атанды(Кіші қажылыққа жолдама)
ІІ орын– Оңдасов Айдынбек (150 000 тг)
ІІІ орын – Мейрхан Мұрагер(100 000 тг)
-75 кг салмақта:
І орын-Ізбасаров Орынбасар иеленіп,»Жамағат барысы» атанды(Кіші қажылыққа жолдама)
ІІ орын– Дихшан Дидар (150 000 тг)
ІІІ орын –Құламанов Нұржан (100 000 тг)иеленіп,ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Спорттық шараға қолдау білдірген Қазақ күресі федерациясына және қаржылай қолдау көрсеткен мешіт жамағаттарына Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан алғысымызды білдіреміз!