blog Images

“Әл-Хаким” мешітінің имамы теміржол жолсеріктерімен кездесу өткізді

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің имамы Дінмұхаммет Шындаулетұлы теміржол қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Діни экстремизм-қоғам дерті тақырыбында өткен кездесуде мешіт имамы діни экстремизм көріністерінің алдын алу және дәстүрімізге жат ағымдардың зиянын түсіндіру мақсатында шариғат шеңберінде насихат айтты.Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.Сондай-ақ кездесу соңында,қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.