Бейнеу ауданы:Республика күніне орай тазалықшыларға көңіл бөлінді
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Бейнеу аудандық “Ыбырайым ахун Құлбайұлы” мешітінде қала тазалықшыларына қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүретін қала тазалықшыларын қолдау мақсатында өткен игі шарада мешіт қызметкерлері 30 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.

